✦ Primary school • 1–4 сыныптар
Көптеген мектептер нені ойлау
керектігін үйретеді. Біз қалай ойлау
керектігін үйретеміз.
Pifagor бастауыш мектебі — математика мен логика арқылы ойлауды дамытатын толық күндік мектеп. Үй тапсырмалары мектепте орындалады, әр оқушыға жеке трекер, дұрыс тамақтану және үйірмелер қарастырылған.

Осы туралы ойланып жүрсіз бе?

«Баламның 1-сыныптан бастап оқуды жек көріп кетуінен қорқамын»

«Мұғалімім баламды жай ғана сабақ беріп қана қоймай, оны жақсы таныса екен деймін»

«Баламның дамығанын қалаймын, бірақ шамадан тыс жүктеме мен асығыс қарбалассыз»

Асан Жолдасов Негізін қалаушы
«Бастауыш мектеп — баланың болашақтағы жетістіктерінің берік негізін қалайды. Pifagor Primary мектебін құра отырып, ең алдымен әке ретінде ойладым. Балаларым қызығушылығы өшпейтін, мұғалімдері әр балаға бейжай қарамайтын, әр оқушыға көңіл бөлінетін, дамуға және өсуге мүмкіндік беретін ортада білім алса екен деймін. Дәл осы құндылықтар біздің бастауыш мектебіміздің негізіне айналды.»
Асан Жолдасов
Pifagor НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Pifagor математика, логика және жобалар арқылы ойлауға үйретеді. Жаттау емес, зерттеу.
Математикалық зертхана, Maker Lab, олимпиадалық сенбіліктер, ашық жобалар күндері.

Бала мектептен шаршап, қиындықтармен емес, күнін пайдалы әрі қызықты өткізгенінің нәтижесі мен қуанышын алып үйге келеді.
ТОЛЫҚ КҮНДІК МЕКТЕП
8:00-ден 16:30-ға дейін — балаңыздың дамуына бағытталған толық жүйе.
Таңғы уақыт (8:00–12:00)
🥞Таңғы ас
🎯Эмоциялық check-in және күнге дайындық.
📚Негізгі пәндер, ойындар мен жаттығулар арқылы белсенді сергіту.
Күндізгі уақыт (12:00–16:30)
🍲Түскі ас
🛠️Жобалар шеберханасы
🎨Дамытушы студиялар, кітап оқу, Maker Lab, шахмат, Го, музыка, домбыра.
✅Үй тапсырмасын трекердің қолдауымен орындау.
💭Қарқынды күннен кейінгі рефлексия
Кешкі уақыт
🏡Балаңыз үйге жаңа білім мен жағымды эмоцияларға толы болып оралады.
❤️Кешкі уақытты отбасыңызбен бірге демалуға арнайсыз - стрессіз, уй тапсырмасыз.
Басқа еш жерде жоқ
WOW — PIFAGOR ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ✦
Математикалық зертхана
Математиканы зерттеу, Мышематика әдістемесі, стандарттан тыс тапсырмалар.
Maker Lab
Құрастыру, инженерия, идеядан модельге дейін қолмен жасау.
AI Lab for Kids
Жасанды интеллектпен құрал ретінде жұмыс істеу, қауіпсіз әрі саналы түрде.
Негізін қалаушының авторлық клубы
Негізін қалаушының өзі математикаға қызығушылық танытқан оқушыларға арналған клубты жүргізеді.
Олимпиадалық сенбіліктер
2-сыныптан бастап сынақты ұнататындар үшін жеке бағыт.
Жеке даму портфолиосы
Жобалар, жетістіктер, 4 жылдық рефлексиялар. Бағалар емес, тарих.
Біз дербестікті қалай дамытамыз
Апталық жеке мақсаттар
1 апта = 1–2 оқу мақсаты және 1 жеке мақсат
Трекермен күнделікті бақылау нүктелері
Балаға түсінікті форматта зейін қоюға және рефлексия жасауға үйретеміз.
Ұйымдастырушылық дағдылар
Жоспарлауды және өзін-өзі ұйымдастыру құралдарын қолдануды үйретеміз = 1-сыныптан бастап баланың өмірін жеңілдететін негіз.
Мектепте үй тапсырмасын орындау және оны орындау стратегияларын үйрету.
Трекер баламен бірге бәрін жасамайды, өз бетімен шешім табуға үйретеді.
Логопед и психолог Pifagor School
СҮЙЕМЕЛДЕУ ҚЫЗМЕТІ

Логопед пен психолог —
қосымша қызмет емес.
Жүйенің бір бөлігі.

Логопед

Балалардың 60%-ға дейіні 1-сыныпқа сөйлеу ерекшеліктерімен келеді. Бірінші күннен бастап анықтап, жұмыс жүргіземіз.

Психолог

Балаға бейімделуге көмектеседі, ал ата-аналарға не болып жатқанын түсінуге көмектеседі.

360° ҚОЛДАУ
Әр кезеңде әр балаға
қамқорлықпен.

Pifagor-дың 4-сыныбын аяқтаған бала
қандай деңгейге жетеді?

Өз бетінше ойлайды.

Стандарттан тыс есептерді шығарады, өз ойын дәлелдейді, қателесуден қорықпайды.

Өздігінен үйренеді.

Мақсат қояды, үй тапсырмасын ата-анасының көмегінсіз орындайды, қиындықтарды қалай жеңуге болатынын біледі.

Өз ойын сенімді жеткізеді.

Үш тілде сөйлейді, сөздерді анық әрі дұрыс айтады, көпшілік алдында сөйлеуден қорықпайды.

Pifagor - 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі біртұтас білім беру траекториясы. Бала осы жүйенің ішінде дамып, өседі.
Выпускник начальной школы Pifagor
ата-аналарымыз бен оқушыларымыздың
Математикаға деген қызығушылық, олимпиадалардағы жеңістер және әлемнің үздік мектептеріне оқуға түсу туралы шынайы пікірлері.
ГИМНАЗИЯДАН PIFAGOR-ҒА
«Мен гимназияда оқыдым, онда тақырыпты бір-ақ рет түсіндіреді. Ал Pifagor-да бәрін түсінемін, себебі мұнда тақырыпты жан-жақты түсіндіреді және түсінбеген жағдайда қайта түсіндіреді».
⭐️ МАҒАН ХИМИЯ МЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫ ҰНАЙДЫ
ОҚУШЫЛАР
Балаларым НЗМ мен РФММ-ға оқуға түсті
«Балаларым НЗМ мен РФММ-ға оқуға түсті. Балаларымды олимпиада мен қабылдау емтихандарына дайындаған барлық мұғалімдерге және мектеп ұжымына алғысымды білдіремін».
⭐️ НЗМ-ҒА ОҚУҒА ТҮСУ
АТА-АНАЛАР
МЕКТЕП ТАҢДАУЫ
«Мектепті мұғалімдеріне қарап таңдадым — Pifagor мектебінде ұстаздар құрамы өте мықты. Ата-ана ретінде менің құндылықтарым мектептің миссиясымен де сәйкес келді. Мектепке көңіліміз толады».
АТА-АНАЛАР ТАҢДАЙДЫ
АТА-АНАЛАР
МОТИВАЦИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
«Мектепті Instagram желісінен оның негізін қалаушы арқылы тауып, емтихан тапсырдық. Алдымен үлкен баламыз мектепке қабылданды, кейін кішісі де ағасымен бірге оқығысы келді. Білім бергені үшін мектепке және Асанға алғысымды білдіремін! Екі балам да мектепке риза».
МЕКТЕПТІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ТАҢДАДЫ
АТА-АНАЛАР
PIFAGOR-ДЫ НЕ ҮШІН ЖАҚСЫ КӨРЕМІН
«Маған барлық мұғалімдер мен трекерлердің түсінбеген жеріңді міндетті түрде түсіндіріп беретіні ұнайды. Pifagor мен үшін — достарым, мұғалімдерім және трекерлерім».
МАТЕМАТИКАНЫ ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ
ОҚУШЫЛАР
Қауіпсіздік
Жуық
100

бақылау камерасы
буллингтің алдын алуға арналған

Соқыр аймақтарсыз

Зорлық-зомбылық пен қысымға
нөлдік төзімділік

Камера видеонаблюдения в Pifagor School
Безопасное пространство Pifagor School
Қауіпсіз орта Білім алу, қарым-қатынас және даму кеңістігі

Face ID

Биометриялық кіру жүйесі. Мектепке тек оқушылар, ата-аналар және қызметкерлер кіре алады. Бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.

Күзет 24/7

Жабық әрі күзетілетін аумақ. Балаңыздың қауіпсіздігі - біздің басты басымдығымыз.

Келіп, өзіңіз көз жеткізіңіз.
Тегін танысу күні. Бала мектепте бір күн өткізіп, сабақтарға, студияларға және трекерге қатысады. Ешқандай міндеттеме жоқ.
Біздің кампусымыз
Primary & Middle
Primary & Middle School
Медеу ауданы, Ахмедьярова көшесі, 25