school class
graduate's hat
Жеке мектеп
Тереңдетілген іргелі математикасы бар «Пифагор» мектебі
Орта деңгейді тереңдетілген математика – логика және Кембридж бағдарламасы бойынша ағылшын тілі пәнін оқытатын Алматы қаласындағы мықты мектептердің бірі.
халықаралық марапат
2500
16
жылдық тәжірибе
14 500
түлек
Біздің түлектер МIT институтына, Гарвард университетіне, Стэнфордқа түседі.
RUS
Біздің оқытушылар - ақылды, жас, прогрессивті мамандар.
«Пифагор» — 16 жыл ішінде Қазақстанның білім беру нарығында нағыз төңкеріс жасаған мектеп және қосымша білім беру орталығы.

16 жылдан астам уақыт бойы біздің мектеп Гарвард, MIT, Berkeley, KAIST сияқты әлемнің үздік университеттеріне түсуге мүмкіндік беретін іргелі білім беруде.
Біз әр баланың жеке мақсаттарына жетуіне қолдау көрсетіп, ынталандырамыз.
Ата-аналарға балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасауға және оларға қолдау көрсетуге көмектесеміз.
Баланы ынталандыратын салауатты бәсекелестікке жағдай жасаймыз.
Біз баланың білімге құштарлығының кез келген көрінісін мадақтаймыз.
Балаларды сыни ойлау, оқуда өз бетінше жұмыс жасау қабілетін қалыптастыруға үйретеміз.
Біз балалардың потенциалын 100% ашуды және алған білімін өмірде қолдана алуын басты назарда ұстаймыз.
private school

«Пифагор» мектебі туралы

Оқу процесі барысында жасанды интеллектті қолдану
Жасанды интеллект баланың да, мұғалімнің де жұмыс барысын жылдамдатуға көмектеседі және оқу процесін реттеп береді.
Кембридж бағдарламасы бойынша өтілетін ағылшын тілі
Біз қарым-қатынас дағдыларына назар аударамыз. Балаларды ағылшынды жаттап алуға емес, ағылшынша ойлануға үйретеміз.
Тереңдетілген математика
Біз балаларды стандартты емес қызықты есептерді шығаруға үйретеміз. Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырамыз, күрделі есептер шығару арқылы балалардың ой өрісін дамытамыз.
Жеке трекерлерден ынталандыру және қолдау бағдарламасы
Сіздің жеке трекеріңіз баламен сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін байланыста болады. Бағдарламаға өз бетімен жұмыс жасауға, дербестікке үйрететін және оқуға,мақсатқа жетуге ынталандыратын сыныптан тыс жұмыстар кіреді.
Мастер класстар
баланың мақсатын қалыптастыру үшін әр түрлі саладағы көшбасшылармен және кәсіпкерлермен кездесулер арқылы балаларға болашақ мамандығын анықтауға, таңдауға көмектесеміз.
Бағдарламалау
Бұл пәннің көмегімен балалар логика және ойлау құрылымын дамытады. Бағдарламалау пәні барлық заманауи технологиялар мен қызметтерді пайдалана отырып, жобаларды жасауды үйретеді.
Логика бойынша халықаралық бағдарлама
Логика ойлауды және талдау, салыстыру қабілетін дамытады, ең бастысын бөліп көрсетуге, дәлелдеуге / жоққа шығаруға және қорытынды жасауға үйретеді.
Инфрақұрылым
Жарты гектар қорғалатын және көгалдандырылған аумақ. Мектепке кіре берісте Face ID жүйесі. Бассейн және фитнес алаңы. Жеке теннис корты, табиғи көгалдағы футбол.
Сыныптың толымдылығы
Сыныптарда 15 адамға дейін. Мұғалім әр оқушыға барынша уақытын бөліп, бар назарын аударады.

Қызыққа толы оқу, даму процесі

Біз оқушыларымыздың біліміне ғана емес, қауіпсіздігі мен ынтасына да мән береміз.

Алда арнайы мектептерге түсу емтихандары болса

Балаларыңызды НЗМ, РФММ, БИЛ секілді арнайы мектептерге, 165 лицейге түсуге және түрлі олимпиадаларға дайындаймыз.
preparing children for admission

Балаңыздың жақсы ортада дамығанын қаласаңыз

Балалар ғылымды және тілдерді жақсы көретін өзімен жасты ақылды, тапқыр балалармен білім алады және тілдеседі. Өтйені, бізге байқауға қатысып, іріктеуден өткен оқушылар ғана түседі.
preparation for the Olympiad

Сіз орта буындағы балаңыздың болашағына алаңдасаңыз

Пифагор мектебінде балалар нақты ғылымға ғашық болады және оларға болашақ мамандығын таңдау оңайырақ.
school Kazakhstan

Егер:

РФМШ, 165 лицей, “Пифагор” сынды мектептерде 17 жылдан аса олимпиадалық математика бойынша оқытушы және тренер.
-Математика және логика бойынша орта буын 5-6 сыныптарға арналған әлемдегі ең ірі және маңызды IMC, IMSO олимпиадаларының Қазақстандағы Ұлттық ұйымдастыру комитетінің төрағасы, 2013-2023г
Халықаралық олимпиадалардың 2500-ден астам Республикалық жеңімпаздарын дайындады.
-2011-2016 жылдар аралығында аға оқытушы, КБТУ
Әлемнің 35-тен аса елінде өткен Республикалық және Халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.
2008-2014 жылдары өткен Республикалық және Халықаралық олимпиадалардың тапсырмаларын құрастырушы және қазылар алқасының мүшесі.
- Математика, логика және олимпиадалық математика бойынша 1-11 сыныптар аралығындағы дарынды балаларды оқытудың өзіндік әдістемесін жасап шығарды, 2008-2023 жж.
Египетте өткен Microsoft Imagine Cup финалисті.
ACM ICPC программалау бойынша өткен Әлем чемпионатының жартылай финалисті.
РФМШ Үздік түлегі,2006г. КБТУ бакалавр, ақпараттық жүйелер магистрі, 2006-2011г
Asan Zholdasov

«Пифагор» мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов

«Пифагор» мектебінің оқу бағдарламасының түлектері
Оқушыларымыз республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысып, жеңіске жетіп, әлемнің кез келген университетіне еркін, қиналмай түсетін түлектерге айналады.
Адиль Мадиль
- «Пифагор» мектебінің 2015 жылғы түлегі.
– Назарбаев Университетінің 2021 жылғы түлегі
- Мамандығы: Деректер талдаушысы.
Гаухартас Алина
Қазақстан тарихындағы физикадан Қазақстан құрамасына еніп, медаль алған тұңғыш қыз бала.
- «Пифагор» мектебінің және РФМШ 2018 жылғы түлегі.
- «KAIST» университетінің түлегі, Оңтүстік Корея.
- Мамандығы: Электротехника
Артур Хамитов
- «Пифагор» мектебінің 2015 жылғы түлегі.
- «Manitoba» университетінің түлегі, Канада, 2021 ж.
- Мамандығы: Экономика және бизнесті басқару
6-шы сыныпқа барлық емтихандарды сәтті тапсырған оқушылар ғана өтеді. (Әр пәнге 3 мүмкіндіктен артық берілмейді).
Жылдың соңында оқушылар негізгі 4 пәннен емтихан тапсырады: математика, логика, бағдарламалау, ағылшын тілі
6-сыныптан кейін балалар РФММ, НЗМ, КТЛ, 165-лицейге, серіктес мектептерге (ЖОО жекеменшік мектебіне) оңай түсіп кетеді немесе біз салатын жекеменшік мектепке түсетін болады.
Әр тоқсан сайын оқушылар келесі тоқсанда оқуын жалғастыру үшін емтихан тапсырады.
Мектебімізге балалар байқау арқылы түседі. 4-сыныпты бітірген балаларды ғана қабылдаймыз
«Пифагор» мектебінің білім беру кезеңдері
Басқа ауысымда балалармен трекерлер жұмыс жасайды.
Трекерлер өз бетінше жұмыс жасауды дамытуға және оқуға ынталандыруға көмектеседі. Олар оқушыларға сабақ жасауға көмектеседі, мақсат қойып, оған жетуді үйретеді.
Түскі ас уақыты
Оқушыларға түскі үзіліс қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан тамақ сатып алуға, өздерімен тағамдар алып келуге немесе түскі уақытта үйіне барып келуге болады
Бір ауысымда оқушылар мектепте оқиды
Балалар математика, логика, бағдарламалау және ағылшын тілі пәндерін тереңдетілген бағытта оқиды.
Офлайн-формат
Онлайн-формат
Біз балалар үшін оқуға, тамақтануға, қосымша сабақтарға және демалуға уақыт тиімді әрі үйлесімді бөлінетін күн тәртібін ұйымдастырамыз.
Оқушыларымыздың оқу режимі
Оқушыларды тасымалдау қызметі бойынша біздің серіктестеріміз
Біз тек тексеруден өткен,қауіпсіз компаниялармен жұмыс істейміз.
Барлық жүргізушілер тәжірибесі, көлік жүргізу тарихы, психологиялық төзімділігі бойынша тексерістен өтеді
Тасымалдау ыңғайлы шағын автобустарда немесе жеңіл автокөліктерде жүзеге асырылады
Сіздің балаңызды тікелей мектептің алдына немесе үйіңіздің алдына дейін жеткізіп тастайды.
Біз балаларды сабақ басталғанға дейін мектепке тасымалдауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ оқу күні аяқталғаннан кейін балаларыңызды үйлеріне жеткізетін компаниялармен жұмыс істейміз
Оқушыларды тасымалдау қызметі

Қабылдау емтиханы әр демалыс күндері 3 маусымнан басталады

02

Оқуға қабылдау немесе резервке алу

03

Келісім-шартқа қол қою және төлем жасау.

04

Қабылдау емтиханына тіркелу

01
logic courses

Қабылдау кезеңдері

course mathematics

2025-2026 оқу жылына қабылдау

Қабылдау емтиханы әр демалыс күндері басталады
Тек 4 сынып бітірген оқушылар қабылданады!
Айына
бастап 210 000 тг
Күшейтілген оқу бағдарламасы:

Логиканың халықаралық бағдарламасы

Тереңдетілген математика

Cambridge бағдарламасы бойынша ағылшын

Жасанды интеллектті оқу процесінде қолдануды үйрету.

Жеке трекердің ынталандыру және қолдау бағдарламасы.

Программалау

Дене шынықтыру сабақтарында бассейнде жүзу
Бағдарлама ҚР-ның ортақ стандарттарына сәйкес келеді

Оқу ақысы

Сұрақтарға жауап

Ата-аналар мен болашақ оқушылар 2023 жылдың мамыр айының басында өтетін мектепке қабылдау емтиханына тіркелуі керек. Бала математика мен логикадан шағын тест тапсырады, соның негізінде біз мектепке немесе мектеп резервіне қабылдау туралы шешім қабылдаймыз.

Дәл қазір өтінім қалдырыңыз

Біз сізге балаңызға арналған оқыту бағдарламасын таңдауға көмектесеміз.

Өтінім жіберу

Орта білім туралы лицензиялар

Біз 1-ден 11-сыныпқа дейін лицензия алдық. Біз 5-6 сыныптарды оқытамыз.